Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелері бойынша түсіндіру семинар өткізілді.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелері бойынша түсіндіру семинар өткізілді.

⚜️Отырыста Департаментпен мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға толықтырулар енгізілгендігі, мемлекеттік қызметкерді үстеме жұмысқа тарту туралы және құмар ойын мекемелеріне барудан тартыну қажеттілігі түсіндірілді.

⚜️Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жүйесіне енгізілген өзгерістер, мемлекеттік қызметті өткеру және іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау бағытында қажетті ақпарат жеткізілді.

🔹Сонымен қатар, тиісті сұрақтарға жауап беру барысында, сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жаңартылған кағидасының талаптары түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1301833?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді