Ақтөбеде кезекші ХҚКО-ның мекенжайы өзгереді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

1 қазаннан бастап Ақтөбе қаласындағы кезекші ХҚКО жаңа мекенжай бойынша жұмыс істейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы хабарлады.

Кезекші кесте бойынша Ақтөбе қаласындағы №2 ХҚКО азаматтарды Сәңкібай батыр даңғылы №249 мекенжайында қабылдайды.

Осыған байланысты Карғалы тұрғын алабы, 10/10 үй, 3-үй-жай мекенжайында орналасқан №3 ХҚКО әдеттегі жұмыс кестесіне көшеді. Орталық дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді. Сенбі және жексенбі — демалыс күндері.

Еске салайық, кезекші ХҚКО-лар дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз, ал сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Кезекші мамандандырылған ХҚКО-ның мекенжайы өзгермейді. Ол Ақтөбе қаласы, Алтын Орда шағын ауданы, 21Б мекенжайында орналасқан.

Мамандандырылған ХҚКО дүйсенбі-жұма күндері сағат 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Дайын құжаттарды беру сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Сенбі күні азаматтарды қабылдау 9:00-ден 12:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру 13:00-ге дейін жүзеге асырылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ азаматтарға ХҚКО-ға бармас бұрын олардың жұмыс кестесін ескеруді ұсынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1301841?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді