22–26 қыркүйек аралығында ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының мобильді тобы Атырау облысы Полиция департаментінің басшы құрамына «ІІО-дағы басшы құрам қызметкерлерінің кәсіби құзыретін жетілдіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.
Курс аясында қызметтік басқару, әкімшілік-құқықтық қызмет, құқық қорғау жұмысын тиімді ұйымдастыру және басқарушылық құзыреттілікті жетілдіру бағыттары бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар ұйымдастырылды.
Дәрістерді Академияның әкімшілік-құқықтық кафедрасының профессоры Майя Тоқсанова және Құқық қорғау қызметін басқару кафедрасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұрсұлу Ибраимова жүргізді.
Оқу курсы басшы құрамның кәсіби білімін тереңдетуге, заманауи басқару дағдыларын қалыптастыруға және полиция бөлімшелері қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталды.
Жауап қалдыру