ҚҚП вакцинасы мен аутизм арасындағы байланыс туралы мифтің бастауы болған зерттеу ресми түрде кері қайтарылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

1998 жылы ҚҚП вакцинасы (қызылша, қызамық және эпидемиялық паротит) ішек аурулары және балалардағы аутизм арасында байланыс болуы мүмкін деген болжам жасалған мақала жарияланған болатын.
Кейіннен бұл зерттеуде елеулі әдіснамалық бұзушылықтар мен ұсынылған деректердің дұрыстығына қатысты мәселелер анықталды. Осыдан кейін ҚҚП вакцинасы мен аутизм арасындағы ықтимал байланыс көптеген ірі зерттеулерде, соның ішінде ұлттық зерттеулер мен миллиондаған бала қамтылған метаталдауларда жан-жақты зерттелді.
Бұл зерттеулер ҚҚП вакцинасы аутизмді тудыратынын растамады.
Қорытынды: ҚҚП вакцинасы мен аутизм арасында байланыс бар деген кең таралған мифтің басталуына негіз болған бастапқы жарияланым ресми түрде кері қайтарылды. Ал кейін жүргізілген сапалы зерттеулер бұл байланысты растамады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1302188?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді