ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

⚜️ Бүгін Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Жалағаш ауданының руханият орталығында педагогикалық қауымдастықпен жиын өткізді.

⚜️ ⚜️ Жиында Департамент басшысы М. Бекмағанбетов 2026 жылғы 12 маусымда Мемлекет басшысы қол қойған «Педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға кеңінен тоқталды.

⚜️ ⚜️⚜️ Аталған шараға Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіндегі Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес мүшелері, Жалағаш ауданының педагогикалық қауымдастығы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

✅ Жиында Қызылорда облысының білім басқармасының «М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің» «Филология» бөлімінің меңгерушісі Жүсіпова Гулнұр Айдарқызы «Ұлағат ұясы» педагогикалық әдептен кәсіби мәдениетке» тақырыбында баяндама оқыды.

✅ 2026 жылғы 12 маусымдағы педагог мәртебесіне қатысты қабылданған Заңдарға енгізілген өзгерістер педагог қауымы арасында талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.

✅ Сонымен қатар, Қызылорда облысының білім басқармасының Жалағаш ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Т. Садықов Жалағаш ауданындағы білім беру ұйымдарының жәй-күйі туралы, соның ішінде аудандағы педагогтың кәсіби тұлғасын қалыптастыру, «Педагог мәртебесі» туралы Заң талаптарының орындалуы, педагогикалық әдеп нормаларының сақталуына қатысты жүргізілген жұмыстар туралы есебін берді.

✅ Жиында Жалағаш аудандық педагогикалық әдеп кеңесінің мүшесі, білім саласының ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз Г.Бекмолдаева, білім саласының кәсіподақ комитетінің төрағасы Г.Құрманбаева, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Ж.Шілдебаева, жас ұстаз Бекетай Наурыз өз пікірімен бөлісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1302274?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді