НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы нашақорлық есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бағытындағы өңірлік ведомствоаралық штабтың мәжілісі өтті.

Жиынға ауыл округтерінің әкімдері, тиісті бөлім басшылары, аудандық полиция бөлімі басшылығы және жауапты мамандар қатысты.

Мәжіліс барысында аудан аумағында нашақорлықтың алдын алу, есірткі заттарының заңсыз айналымына жол бермеу және осы бағыттағы профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелері жан-жақты қаралды.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша білім беру мекемелерінде нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы Ордабасы аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ердос Әбішев баяндама жасады.

Баяндамашы білім беру ұйымдарында жасөспірімдер арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру, ақпараттық-насихат және алдын алу шараларының жүргізілу барысына тоқталды. Сонымен қатар жастардың зиянды әдеттерге бой алдырмауы, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қауіптің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар сөз болды.

Жиында қоғамдық орындар мен көшелерде граффити жазбалары арқылы есірткі заттарын жарнамалауға жол бермеу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Аудандық полиция бөлім басшысының орынбасары Қанат Әуелов заңсыз жазбаларды дер кезінде анықтау, жою және олардың қайта пайда болуына жол бермеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Сондай-ақ аудан аумағында есірткіге қарсы әлеуметтік мазмұндағы ақпараттарды LED экрандарға орналастыру, көрнекі ақпараттық материалдардың санын арттыру және халық арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мәселелері қаралды.

Аудан әкімі жауапты мекемелерге нашақорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейтуді тапсырды. Әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында ақпараттық-түсіндіру шараларының мазмұны мен тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар есірткі заттарының заңсыз айналымына жол бермеу, қоғамдық орындардағы профилактикалық бақылауды күшейту бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1302341?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді