
2026 жылғы 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті АҚШ өкілдерімен бірлесіп, ядролық және радиациялық авариялық жағдайларға дайындық және ден қою мәселелері бойынша үш күндік семинар өткізуде.
Семинардың негізгі мақсаты – ядролық және радиациялық авариялық жағдайлар кезінде жедел әрекет ету, радиациялық жағдайды бағалау және төтенше жағдайлардың салдарын азайту бойынша тәжірибе алмасу.
Іс-шара барысында ядролық объектілердегі төтенше жағдайларға дайындық, радиологиялық салдарды бағалау, радиациялық жағдайды бақылау және тиісті шешімдер қабылдау мәселелері қарастырылуда. Сонымен қатар, авариялық жағдайлардың түрлі сценарийлері бойынша практикалық тапсырмалар орындалып, жедел әрекет ету тәсілдері пысықталуда.
Аталған семинарға Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы А.Д. Мыктыбаева қатысуда.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ әртүрлі юрисдикциялар мен жауапты органдар арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру және авариялық жағдайлар кезінде жедел әрі бірлескен шешімдер қабылдау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1302389?lang=ru

Жауап қалдыру