ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫНДА 5 МӘСЕЛЕ ҚАРАЛЫП, МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихат депутаттары және жауапты мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. 

Жиында өңірдің әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар бірқатар мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру, облыс әкімдігі жанындағы білім сапасы жөніндегі өңірлік кеңестің құрамын бекіту, әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесіне өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар елді мекендердегі жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Түркістан облысы бойынша жоспарға да тиісті өзгерістер енгізу ұсыныстары қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Сессия соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров депутаттарға өңірдің дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылап, ортақ шешім қабылдаудағы белсенді жұмыстары үшін алғысын білдірді.

– Біздің бағыт – айқын. Ол – өндіріс орындарын көбейту, инвестиция тарту, өзіндік кірісті арттыру.  Күні кеше Сауран ауданында ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарын өндіретін заманау зауыттың іргетасын қаладық. Өңірімізде одан өзге де инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Облысымызда халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өтті. Түркістанның прайм эрасы басталды деуге болады. Бұл игі бастамаларға сіздердің де қосқан үлестеріңіз мол. Алдағы уақытта да осы жұмыстар жалғасын табады деп сенемін, – деді Нұралхан Көшеров. 

Сессия барысында халық қалаулылары ұсыныстары мен пікірлерін айтып, Түркістан облысының даму динамикасына, әкімдіктің жұмысына оң бағаларын берді. 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shauildir/press/news/details/1302459?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді