
Ақмола облысының прокуратурасында жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларындағы заңдылықтың сақталуына жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша алқа отырысы өтті.
Тексеру барысында жер телімдерін аукционсыз, елді мекендердің бас жоспарларына сәйкес келмейтін жерлерді ұсыну, қажетті құжаттарсыз жер беру және жер пайдалану мерзімін ұзарту тәртібін бұзу фактілері анықталды.
Алқа отырысында анықталған бұзушылықтардың себептері талқыланып, оларды жою және қайталануына жол бермеу бойынша нақты шаралар белгіленді.
Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар прокуратураның бақылауында.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1302483?lang=ru

Жауап қалдыру