ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛ – ҚАЗЫНАЛЫ ЕЛ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шардара ауданында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлер мен қазыналы қарияларға арналған мерекелік іс-шара өтті.

Тағылымды шараға Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы, аудан мәслихатының төрағасы Муталиев Бұлтбай Лесбекұлы, Шардара аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Шардара аудандық бөлімшесінің басшысы  Айткулов  Нұрсұлтан Мейіржанұлы қатысты. 
Мерекелік шараның алғашқы құттықтау сөзін аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев алып, барша ардагерлер мен ақ жаулықты әжелерді, елге еңбегі сіңген аға буын өкілдердін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.
Іс-шара барысында аудандық мәслихат төрағасы                                                          Бұлтбай Лесбекұлы Муталиев те ақжарма  тілегін білдіріп, әр бір ардагердің құрметке лайық екенін атап өтті. Ол аға  буынның елдік мүдде жолындағы еңбегі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегесі қашанда жоғары бағаланатынын жеткізді.
Сіздер – саналы ғұмырын елдің өсіп-өркендеуіне арнаған, кейінгі ұрпаққа өнегелі жол қалдырған ардақты жандарсыздар. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз – жас ұрпақ үшін баға жетпес рухани қазына.
Елдің бірлігі мен қоғамдық тұрақтылығын нығайтуға қосқан еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің әрбір ізгі істеріңіз бен өнегелі өмір жолдарыңыз кейінгі буынға үлгі болып қала береді.

Барша аудан қарияларымыз мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларының амандық, береке-бірлік тілейміз! Мерейлеріңіз үстем, абыройларыңыз асқақ болсын!
Шардара аудандық мәслихат аппаратының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shardara/press/news/details/1302534?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді