Қарашоқы ауылдық округінің әкімі Д.Акбасованың Қарашоқы ауылының тұрғындарымен тұрақты кездесуі

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қарашоқы ауылдық округінің әкімі Д.Акбасова 2026 жылдың 30 қыркүйек күні Қарашоқы ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізіп, елді мекендегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Атап айтқанда:

  • ішкі көше жолдарының жағдайы және оларды жөндеу;
  • ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету;
  • ауыл көшелерінде қараусыз жүрген иттердің көбеюі және осы мәселені реттеу;
  • түнгі уақытта көшелерді жарықтандыру уақытының тәртібін қайта қарау және жарықтың жану уақытын тұрғындардың ұсыныстарына сәйкес өзгерту.

Сонымен қатар, округ әкімі ауыл аумағында тазалық сақтау, абаттандыру және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше тоқталды. Тұрғындарға көшелерді, аулаларды және қоғамдық орындарды таза ұстау, санитарлық тазалық талаптарын сақтау, сондай-ақ ауылдың көркейіп, абаттандырылуына белсенді қатысу қажеттігі түсіндірілді.

Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелерді шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетіні айтылды. Ауыл тұрғындарына қоғамдық тәртіпті сақтау, тазалықты қамтамасыз ету және ауылдың көркейтілуіне бірлесіп үлес қосу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kerbulak-karashoky/press/news/details/1302771?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді