
Жетісу облысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Елді мекендер мен ауылдық жерлерге жақын орналасқан жол учаскелеріне ерекше назар аударылуда. Малдың жолдың жүру бөлігіне, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында шығуы жүргізушілер мен жолаушыларға елеулі қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер малды қараусыз жаю және олардың жол маңында бақылаусыз жүру деректерін анықтап, иелерін белгілеп, заңнамада көзделген тиісті шараларды қабылдайды. Мал иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жануарларды тұрақты бақылауда ұстау және олардың автожолдарға қараусыз шығуына жол бермеу қажеттігі ескертілуде. Жетісу облысының полициясы мал иелерін төрт түлікті күтіп-бағу мен жаюға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Малды тиісті бақылауда ұстау жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1302794?lang=ru

Жауап қалдыру