Құрметті Екібастұз қаласының ардагерлері мен аға буын өкілдері!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Сіздерді даналық пен парасаттылық мерекесі – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – қаламыздың өсіп-өркендеуіне қосқан көпжылдық еңбектеріңіз бен адалдықтарыңызға терең алғыс білдіретін ерекше сәт. Сәулетті Екібастұздың индустриялық іргетасы дәл сіздердің қажырлы қолдарыңызбен қаланды. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен өмірге деген құштарлықтарыңыз өскелең ұрпақ үшін әрқашан басты бағдар болып қала бермек.

Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық жылулық пен бақ-береке тілеймін! Әр күндеріңіз жақындарыңыздың ықыласы мен құрметіне толы болсын!

 

Н.К. Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1303007?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді