
Әуезов ауданында заңсыз орналастырылған стационарлық емес сауда нысандарына қатысты жұмыс тетігін жетілдіру мәселесі бойынша кеңес өтті.
Жиынға Алматы қаласы Жер ресурстарын басқару департаментінің, Қала құрылысын бақылау басқармасының, Әуезов аудандық полиция басқармасының, Әуезов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының, Әуезов аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, сондай-ақ «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өкілдері қатысты.
Кеңес барысында аудан аумағындағы заңсыз орналастырылған стационарлық емес сауда нысандарын анықтау, олардың заңдылығын зерделеу және қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау мәселелері қаралды. Сонымен қатар жауапты органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, ақпарат алмасу және осы бағыттағы жұмыстың тиімді тетіктерін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша заңсыз орналастырылған сауда нысандарына қатысты жұмысты тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүйелі түрде жалғастыру көзделді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1303259?lang=ru

Жауап қалдыру