«Гулливердің» Ұлттық ұланға саяхаты: Шымкентте 47 өлшемді аяқ киім киетін сарбаз қызмет етеді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қатардағы Денис Мухин Шымкент қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде қызмет атқарады. Бойы екі метрге жуық сарбаздың аяқ киім өлшемі – 47.

19 жастағы әскери қызметші Алматы облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған. Әскерге дейін Талғар политехникалық колледжін «автоэлектрик» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Денис бала кезінен волейболмен айналысқан. Тоғызыншы сыныпта-ақ 45 өлшемді аяқ киім киді. Оның айтуынша, бойы мен аяқ киім өлшемінің үлкен болуы әкесінен дарыған.

Денистің бой ерекшелігі әскери қызметінің алғашқы күндерінде-ақ байқалды. Оқу пунктінде өзіне шақ аяқ киім іздестіріліп жатқанда, әскери бөлім берген кроссовкамен бірнеше күн жүруге тура келген.

Тыл қызметі көп ұзамай 47 өлшемді аяқ киім тауып берді. Содан бері ерекше үлкен бәтеңке ұландықтың әскери киіміндегі көзге бірден түсетін бөлшектердің біріне айналды.

Қазір ұландық Шымкент көшелерінде күн сайын патрульдік қызмет атқарып, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Денис қаруластарының арасында бойымен ғана ерекшеленбейді. Ол қазақ тілін жақсы меңгерген және күнделікті қызмет барысында қазақша еркін сөйлеседі.

Бүгінде көшедегі жұрттың назары бойы ұзын ұландыққа жиі ауады. Ал қаруластары Денисті әзілдеп «Гулливер» деп атап кеткен.

 

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1303335?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді