Түнгі бақылау күшейтілді: «Әкелер патрулі» 24 жасөспірімді анықтады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Атырау қаласында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Әкелер патрулі» түнгі рейдке шықты.
🚔 «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылған рейдке полиция қызметкерлерімен бірге білім беру ұйымдарындағы белсенді әкелер қатысты. Рейдтік топтар қала көшелерін, саябақтарды, аулаларды, ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтарды аралады.
🔎 Тексеру барысында түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілінің қарауынсыз жүрген 24 жасөспірім анықталды. Олармен және ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, заңнама талаптары мен түнгі уақытта қараусыз жүрудің қауіп-қатері түсіндірілді. Анықталған деректер бойынша тиісті шаралар қабылданды.
🛡️ Түнгі уақытта бақылаусыз жүрген жасөспірім түрлі құқық бұзушылықтың қатысушысы ғана емес, қылмыстың құрбанына да айналуы мүмкін. Сондықтан рейдтің негізгі мақсаты – жазалау емес, қауіптің алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау.
📌 Жыл басынан бері Атырау қаласында ойын-сауық орындарында сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін, сондай-ақ тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілінсіз жүрген 1012 жасөспірім анықталған.
👨‍👩‍👧‍👦 Полиция ата-аналарға балаларының бос уақытын бақылауда ұстап, олардың қайда және кіммен жүргеніне назар аудару қажеттігін ескертеді. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне жол бергені үшін жауапкершілік көзделген.
⚠️ Баланың түнгі уақытта қараусыз жүруі – жай ғана тәртіп бұзушылық емес, оның қауіпсіздігіне төнетін нақты қатер. Бала тәрбиесі мен қауіпсіздігі – ең алдымен ата-ананың жауапкершілігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1303422?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді