
Өскеменде психотроптық заттардың ірі партиясымен екі күдікті ұсталды.
Шығыс Қазақстан облысында интернет арқылы табылған жұмыс ұсынысы қылмыстық іске ұласты.
ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, “Қарасора” және “Паутина” жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен екі ер адамды ұстады.
Күдіктілердің бірі шілде айында интернет арқылы жұмыс іздеп, ұсыныс алған. Көп ұзамай оның “жұмысы” тыйым салынған заттарды қабылдап, өлшеп, буып-түюмен байланысты болған. Еңбегі үшін оған криптовалюта түрінде ақы төленіп, кейін бұл қаражатты банк шоттары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.
Тінту барысында полицейлер төрт пластик ыдыс, ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет, изолента және үш электронды таразы тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың құрамынан шамамен 800 грамм α-PVP және 334 грамм мефедрон анықталды. Психотроптық заттардың жалпы салмағы бір келіден асты.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция интернеттегі “оңай табыс” туралы ұсыныстарға сақтықпен қарау қажеттігін ескертеді. Жеңіл ақша табуды көздеген азаматтар қылмыстық схемаға тартылып, заң алдында жауапқа тартылуы мүмкін. Тыйым салынған заттарды алу, сақтау немесе буып-түюге байланысты тапсырмаларды орындаудың өзі қылмыстық жауапкершілікке әкелуі ықтимал.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1303510?lang=ru

Жауап қалдыру