
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында виртуальды таеквондодан жарыс өтіп жатыр.
Отандасымыз жартылай финалда Филиппин спортшысы Жеус Габриель Дерик Япеге (Филиппин) 0:2 есебімен жол берді. Нәтижесінде Рита Бақышева қола жүлдеге ие болды.
Ол бұған дейін алғашқы айналымда Мохаммад Аладарбиді (Иордания) 2:0 есебімен жеңсе, 1/4 финалда Үндістан өкілі Кашиш Маликтен 2:1 есебімен айласын асырған еді.
Айта кеткйік, Рита Бақышева бүгін 49 келіде де ел намысын қорғайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1303539?lang=ru

Жауап қалдыру