«Қызмет алушылар күні»

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылдың 29 қыркүйегінде Жаңақала ауданы әкімі аппаратымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша, қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын, халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидаты бағытында «Қызмет алушылар күні» жобасын өткізді.

Бұл жоба аясында халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіру, кеңес беру жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау және т.б. бөлімдердің мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жобаның негізгі мақсаты – халыққа мемлекеттік және басқа да қызметтерді алуға байланысты мәселелерді шешуді түсіндіру және көмек көрсету.

Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекеттік қызметші “мемлекет үшін адам емес, адам үшін мемлекет”қағидатын ұстануға тиіс. Мұндай іс-шараны өткізу мемлекеттік қызметшілерге қоғамдық көңіл-күй мен оқиғалардың импульсін сақтауға, уақытылы әрекет ету және дұрыс шешім қабылдау мақсатында адамдардың тілектерін тыңдауға және естуге ықпал етуі керек екенін түсіну қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhangala/press/news/details/1303662?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді