ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОҒАМ АУЫЛ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы Қоғам ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.
Кездесу барысында аудан басшысы ауыл округіндегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және абаттандыру салаларында жүзеге асқан жұмыстарды атап өтті.
Ағымдағы жылы Қоғам ауылындағы Қ.Нарымбетов көшесі мен Мыңшұңқыр ауылындағы Көктөбе көшесіне асфальт төсеу, балалар ойын алаңшаларын салу, Талапты ауылындағы Атамекен көшесін жарықтандыру және Шәуілдір–Қоғам бағытындағы көше жарықтарын орнату жұмыстары жоспарланып, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен іске асуда.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан инфрақұрылым, көше жарығы, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, аудан әкімі көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.
Кездесуден кейін аудан әкімі жасы 90-ға таяған зейнеткер Айша Арыстанбаеваның үйіне барып, Қарттар күні мерекесімен құттықтады. Батыр ананың иығына кестелі орамал жауып, құрмет көрсетті. Балалық шағы ел тарихындағы қиын-қыстау кезеңдермен тұспа-тұс келген қарт ана келер ұрпақ бейбіт күннің қадірін түсініп, елдің дамуына аянбай қызмет ету керектігін айтты. Көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shauildir/press/news/details/1303745?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді