Төтенше жағдайлар министрлігінің “2025 жылғы шомылу маусымы кезіндегі қауіпсіздік туралы” және Қызылорда облысының әкімдігінің “Халықтың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету” іс-шаралар жоспарының аясында аудан әкімдіктері мен төтенше жағдайлар бөлімдері тарапынан жоспарлардың сапалы орындалуын бақылау мақсатында 22 сәуірде Қазалы ауданына Департамент бастығының орынбасары, полковник Бекболат Әбдіқадыров жұмыс сапарымен барып, тексеру жұмысын жүргізуде.
Қазіргі таңда, Қазалы ауданының су айдындарында шомылуға қауіпті деп танылған 10 аймақ белгіленді. 22 ескерту тақтайшасы орнатылғаны анықталды. Сонымен қатар, ауданда 1 жағажай ресми түрде бекітілген.
Қызылорда облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/981494?lang=kk
Жауап қалдыру