Жасқа жасамыс болмау: Алмалы ауданында Қарттар күні аталып өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Алмалы ауданында аға буын өкілдерін біріктірген скандинавиялық жүрістен мерекелік турнир өтті. Іс-шара жасқа қарамастан белсенділік, көтеріңкі көңіл-күй мен өмірге деген құштарлықтың маңызды екенін тағы бір дәлелдеді.

Қарттар күні — аға буынға құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен даналығын, қоғамның дамуына қосқан зор үлесін бағалайтын ерекше мереке.

Осы атаулы күнге орай Ганди атындағы саябақта скандинавиялық жүрістен аудандық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа 60 жастан асқан 50 Алмалы ауданының тұрғыны қатысты. Қатысушылар 1,5 шақырымдық қашықтықты бағындырды.

Жас ерекшеліктеріне қарамастан, қатысушылар өздерінің ширақ қимылын, жігері мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Олар көтеріңкі көңіл-күймен жарыс жолынан өтіп, бір-біріне қолдау білдірді. Өз үлгілері арқылы белсенді ұзақ өмір сүрудің — ең алдымен қозғалысқа, қарым-қатынасқа және өмірге деген позитивті көзқарасқа негізделген өмір салты екенін көрсетті.

Іс-шараның ерекше атмосферасын қатысушылардың бір-біріне деген достық қолдауы мен шынайы эмоциялары қалыптастырды. Көпшілік үшін бұл жай ғана спорттық жарыс емес, достарымен жүздесіп, таза ауада уақыт өткізіп, ауданның үлкен әрі тату қауымдастығының бір бөлігі екенін сезінуге мүмкіндік берген ерекше күн болды.

Турнирді ұйымдастыруға Алмалы ауданы әкімінің аппараты, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы және «Kumis Khasyr» қоғамдық қоры атсалысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ең жылдам қатысушылар мен табандылық танытқан спортшылар дипломдармен, мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Алайда бұл күннің басты жетістігі — алған марапаттар ғана емес, қатысушылардың жүзіндегі күлкі, көтеріңкі көңіл-күй және бір-біріне сыйлаған жағымды эмоциялары болды.

Қарттар күні — аға буын өкілдеріне олардың еңбегі, өмірлік тәжірибесі мен даналығы үшін алғысымызды білдіруге тамаша мүмкіндік.

Аға буын өкілдеріне зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат, амандық және ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз! Әр күндеріңіз қозғалысқа, жақсы қарым-қатынасқа, жақындарыңыздың жылуына және қуанышты сәттерге толы болсын! 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1303840?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді