ШҚО КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫ БОЙЫНША РЕЙТИНГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 2025-2026 оқу жылында атқарылған шаралары бойынша рейтинг қорытындысы шығарылды!

Рейтинг білім беру үдерісінің сапасын, мамандарды даярлау деңгейін, студенттер мен педагогтердің жетістіктерін, кадрлар даярлаудағы халықаралық ынтымақтастығын, сондай-ақ колледждер қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Рейтинг қорытындысы бойынша «Үздік колледж» мәртебесі Өскемен жоғары политехникалық колледжіне берілді!

Колледж ұжымын лайықты марапатымен құттықтаймыз! Бұл жоғары баға – әкімшіліктің, педагогтердің және барлық қызметкерлердің кәсібилігі мен бірлескен жұмысының, білім беру үдерісін жетілдіруге және білікті мамандар даярлауға деген ұмтылысының нәтижесі.

Бұл жеңіс колледждің одан әрі дамуына, инновацияларды енгізуге және өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға тың серпін берсін!

ШҚО КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫ БОЙЫНША РЕЙТИНГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1303974?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді