
Халықаралық қарттар күніне орай Шахтинск қаласының әкімі Шахтинск қаласы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Әмина Құсайынқызымен бірге аға буын өкілдерінің шаңырақтарына барды.
Олардың әрқайсысының артында — ұзақ жылғы еңбек, өмір жолы және туған қаланың дамуына қосқан үлесі бар. Қала әкімі оларға көп жылғы еңбектері үшін алғыс айтып, зор денсаулық, амандық, туған-туыстарының ықыласы мен қамқорлығын тіледі.
Әр күндері жылулыққа, құрмет пен қамқорлыққа толы болсын!
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-shahtinsk/press/news/details/1304001?lang=ru

Жауап қалдыру