
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен азаматтық қорғау саласының жүк тасымалы қызметімен бірлесіп өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес нысанда шартты өрт шықты. Өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері шақырту орнына жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді және өртті сөндіру бойынша тиісті іс-шараларды орындады.
Оқу-жаттығу барысында қызметкерлердің өзара іс-қимылы, өртті жедел оқшаулау және сөндіру, сондай-ақ нысандағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдылары пысықталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдай туындаған кездегі күштер мен құралдардың дайындығын арттыру және жедел әрекет ету деңгейін жетілдіру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1304125?lang=ru

Жауап қалдыру