Көктемгі қауіпсіздік шаралары аясында Қарабұлақ ауылында каналдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктем мезгілінде орын алатын еріген қар суларының ауыл тұрғындарына зиян келтірмеуін қамтамасыз ету мақсатында Қарабұлақ ауылында алдын алу шаралары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, ауылдың жоғарғы жағында орналасқан канал тереңдетіліп, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ағынды судың бағытсыз таралуының алдын алу үшін арнайы техниканың көмегімен су арнасы тазартылып, табиғи өзен арналарына қарай бағытталды. Бұл шаралар ауыл аумағында су тасқынының алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/981444?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді