
30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күніне орай, Атырау облысы Әділет департаменті мен Атырау облысының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер мен құрылымдық бөлімдер өкілдері арасында “Заң. Әділет. Логика” интеллектуалды Quiz сайысы өткізілді.
Аталаған сайысқа Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары қатысып, бақ сынасты.
Сайыстың мақсаты – логикалық ойлау қабілетін дамытып, іскерлік ынтымақтастығын нығайтуға және мемлекеттік қызметшілер мен құрылымдық бөлім өкілдерінің құқықтық және кәсіби сауаттылығын арттыруға негізделген.
Интеллектуалды ойынның нәтижесімен сайысқа қатысқан мекеме өкілдерінің топтық құрамалары Алғыс хатпен марапатталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1304285?lang=ru

Жауап қалдыру