АҚСАЙ-3 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

1 қазанда өткен халықпен кездесу барысында Ақсай-3 шағынауданының тұрғындары бірқатар өзекті мәселені көтерген болатын. Кездесу барысында аудан әкімі көтерілген мәселелерді жергілікті жерде зерделеу үшін аумаққа арнайы шығатынын жеткізді.

Бүгін аудан әкімі Ақсай-3 шағынауданына барып, тұрғындармен бірге аталған мәселелерді орнында қарады. Аумақты аралау барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, мәселелерді шешу жолдары талқыланды.

Қорытындысы бойынша жауапты бөлімдерге көтерілген мәселелерді жан-жақты пысықтап, тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1304391?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді