Сұлулық салондарына барған кезде келушілер нені ескеруі керек?

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары маникюр мен педикюр жасауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды реттейді.

Сұлулық салондарында маникюр және педикюр қызметтерін алу кезінде не нәрсеге назар аудару керек:

  • Жеке гигиенаны сақтау шарттарына (қол жууға арналған раковинаның, санбөлменің болуы);
  • Үй-жайларда желдету, ауаны баптау жүйесінің болуына;
  • Құрғақ майлы шкафының, бактерицидтік шамдар мен стерилизаторлардың болуына;
  • Шеберде бірнеше, ең жақсы бір реттік маникюр жиынтығы бар болуына;
  • Клиенттің алдында крафт-пакетті ашу, бұл құралдардың стерильділігін көрсетеді;
  • Таза жабдықтарды пайдалануға – бір реттік (майлықтар, мақта дискілері) немесе қайта пайдалануға болатын (сүлгілер), бұл ретте бір реттік пайдаланудан кейін кәдеге жаратылады, қайта пайдалануға болатын жабдықтар әр келушіден кейін жуылады;
  • Парфюмериялық-косметикалық құралдардың сәйкестік туралы декларациялары болуы, сондай-ақ жарамдылық мерзімі шегінде пайдаланылуы тиіс;
  • Салон үй-жайларында қолайлы температура, жарық, жақсы болуы тиіс;
  • Сұлулық салондарының қызметкерлері жыл сайын медициналық тексеруден өтіп, медициналық кітапшасы болуы тиіс. Ереже атқаратын лауазымына және функционалдық міндеттеріне қарамастан барлық қызметкерлерге қолданылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1304456?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді