
2025 жылдың 22 сәуірінде Департаменттің басшысының м.а. Ж.Жуминнің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның нормаларын, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау қажеттілігі және Мемлекеттік тіл мәртебесі жөнінде семинар өткізілді.
Мемлекеттік қызметшілерді қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуге, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиеті мен қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін алкогольдік масаң күйде болуға, сондай-ақ қарапайымдылық танытуға, тиісті қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын теріс пайдаланбауға шақырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/981274?lang=kk
Жауап қалдыру