
Жалпыұлттық экологиялық сенбілік аясында Көктал саябағында 200-ден астам жасыл желек отырғызылып жатыр. Іс-шараға аудан тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратының ұжымы белсенді қатысуда.
Сарыарқа ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Жыл басынан бері аудан аумағында 1 700-ден астам ағаш отырғызылып, шамамен 330 мың біржылдық және көпжылдық гүлдер мен бұталар егілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saryarka/press/news/details/1305064?lang=ru

Жауап қалдыру