Павлодар облысы бойынша ЭТД қызметкерлері жастармен түсіндіру кездесуіне қатысты

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«ТУРА ЖОЛ» жобасы аясында Жастар бастамаларын дамыту орталығында құқықтық сауаттылық, құқық бұзушылықтардың және әртүрлі тәуелділіктердің алдын алу мәселелеріне арналған жастармен түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында Департамент қызметкерлері оқушыларға электрондық темекілерді (вейптерді) пайдаланудың жағымсыз салдары туралы айтып, олардың заңсыз айналымы үшін заңнамада көзделген жауапкершілікті түсіндірді, сондай-ақ жастар арасында құрамында никотин бар өнімдердің таралуы мен қолданылуына байланысты тәуекелдерге назар аударды.

Лудомания — ойынға тәуелділік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қызметкерлер құмар ойындардың адамның психологиялық және қаржылық жағдайына кері әсері, заңсыз құмар ойындарға тартылудың ықтимал салдары және өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарау қажеттігі туралы айтып берді.

Сонымен қатар кездесу қатысушыларына заңнаманы сақтау, құқықтық жауапкершілік, есірткі қылмысының алдын алу және жолдардағы қауіпсіз мінез-құлықтың маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан білікті түсіндірмелер алды.

Осындай іс-шараларды өткізу жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алуға және өскелең ұрпақтың өз денсаулығына, қауіпсіздігі мен болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1305267?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді