Павлодарда полицейлер той кортежіне қатысушылардың заң бұзушылықтарын анықтады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полицейлер той кортежіне қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзғаны түсірілген бейнежазбаны анықтады.
Авариялық жағдай туғызған және жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзған жүргізушілерге қатысты әкімшілік материалдар толтырылды.
Сонымен қатар кортежге қатысушылардың бірі  – 19 жастағы азаматтың әуежай аумағында бөтелкедегі шампан шарабын ашып, оның ішіндегісін автотұраққа шашып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны анықталды. Материал сотта қаралып, құқық бұзушыға айыппұл салынды.
Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзуға және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1306686?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді