
Конституциялық Соттың шешімі оның отырысында қабылданатын акт болып табылады. Конституциялық Соттың шешімдері қорытынды шешімдер және басқа да шешімдер болып бөлінеді.
Нормативтік қаулылар нысанындағы қорытынды шешімдер заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша қабылданады.
Конституциялық Соттың жолдаулары мен қорытындылары да қорытынды шешімдерге жатады.
Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.
Конституциялық Соттың нормативтік қаулылары мен қорытындылары Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1306823?lang=ru

Жауап қалдыру