Ағымдағы жылдың 7 қазанында Балпық ауылдық округінің әкімі Оян ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Кездесу барысында есепті кезеңде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріліп, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, округ аумағындағы тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарды күтіп ұстау, абаттандыру жұмыстарын жүргізу, көше жарықтарының жай-күйін жақсарту, елді мекеннің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер, оның ішінде ауыл ішіндегі жолдардың жағдайы, жарықтандыру, ауызсу мәселесі, қоғамдық орындарды күтіп ұстау және елді мекенді көркейту бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-balpyk/press/news/details/1306819?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді