
Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында және жастар арасында жұмысшы кәсіптердің беделі мен тартымдылығын арттыру, үздіксіз кәсіби білім беруді дамыту, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие білікті мамандарды даярлауға жәрдемдесу мақсатында Жаңаесіл ауылының Агротехникалық колледжі мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Аталған меморандум Целиноград ауданы әкімдігінің қолдауымен жасалып, техникалық және кәсіби білім беру мен жоғары білім беру жүйелері арасындағы байланысты нығайтудың маңызды қадамы болды.
Меморандум аясында студенттерге келесі мүмкіндіктер ұсынылады: білім беру сапасын арттыру, оқу және ғылыми жобаларға қатысу, кәсіби өсіп-жетілу мен сұранысқа ие мамандық бойынша жұмысқа орналасу, университет пен өндірістік кәсіпорындар базасында тәжірибеден өту.
Бұл әріптестік аудан мен еліміздің агроөнеркәсіптік секторы үшін білікті кадрлар даярлауға үлкен үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/981172?lang=kk
Жауап қалдыру