Ерікті түрде қару тапсыру: 21 сәуірден бастап Қазақстанда республикалық акция басталады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

                                                                                                  Ерікті түрде қару тапсыру: 21 сәуірден бастап Қазақстанда республикалық акция басталады

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті халықты 2025 жылғы 21 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу бойынша республикалық акция жүргізетінін хабарлайды.

Акция аясында азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша ішкі істер органдарына жүгініп, тіркелмеген қару-жарақты, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды тапсыра алады. Тапсырылған заттар үшін ақшалай сыйақы қарастырылған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес, заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған тұлғалар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынына назар аударамыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында табылған оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз бетінше ұстамауды, орнынан қозғамауды және тасымалдамауды қатаң түрде ескертеміз. Мұндай заттар табылған жағдайда полицияға 102 немесе 112 нөмірлері бойынша дереу хабарлау қажет.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған акцияға белсенді қатысуға шақырады.

                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/981170?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді