
Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қаладағы бірқатар құрылыс және инфрақұрылым нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді.
Алдымен қала әкімі «Ынтымақ» тұрғын үй алабында салынып жатқан бес қабатты, 200 пәтерлі бес тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, ал қасбеттерді толық аяқтау 15 қазанға жоспарланған. Мердігерге жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау тапсырылды.
Одан кейін «Құлагер» шағын ауданындағы №26 тұрғын үйдің құрылыс барысы тексерілді. Нысанда анықталған кемшіліктерді жою және құрылыс сапасын қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Құрылысы басталған 11 және 12-шағын аудандардағы жол салу жұмыстары да назарға алынды. Қазіргі уақытта жол негізін дайындау және тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Жауапты тұлғаларға жұмыс қарқынын күшейтіп, бекітілген кестеден ауытқымау міндеттелді.
Бұдан бөлек, қуаттылығы 49 Гкал болатын қазандықтың құрылысы тексерілді. Мұнда негізгі құрылыс жұмыстарымен қатар аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Нысанды сапалы әрі уақытылы аяқтау жөнінде тапсырма берілді.
Біржан сал көшесінде «Ұлттық жоба» аясында жаңғыртылып жатқан жылу желілерінің жағдайы да қаралды. Жұмыс барысына қатысты бірқатар ескерту айтылып, анықталған кемшіліктерді жою және нысанды белгіленген мерзімде аяқтау міндеттелді.
Аралау барысында «Креативті орталықтағы» қайта жаңғырту жұмыстары да тексерілді. Ғимараттың қасбеті толық аяқталған, қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі жұмыстардың сапасына ерекше назар аударып, нысанды толық әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1307506?lang=ru

Жауап қалдыру