Атқарушылық құжатты мобильді қосымша арқылы ұсыну

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

AdiletGov мобильді қосымшасында өндіріп алушыларға «Тараптар кабинеті» арқылы электрондық атқарушылық құжаттарды орындауға ұсынуға мүмкіндік беретін жаңа функционал іске қосылды.

Құжаттарды ұсыну автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады: пайдаланушы қажетті мәліметтерді толтырып, атқарушылық құжатты және көзделген өзге де материалдарды қоса тіркейді.

Сонымен қатар, «Тараптар кабинетінде» құжаттың келіп түскені туралы ақпарат, оның мәртебесі және сот орындаушысы қабылдаған шаралардың нәтижелері көрсетіледі.

Жаңа функционал өндіріп алушылардың уақыттық және ұйымдастырушылық шығындарын азайтуға, құжаттарды орналасқан жеріне қарамастан ұсынуға және оларды қарау барысын жедел бақылауға мүмкіндік береді.

Сервистің іске қосылуы  атқарушылық іс жүргізуді цифрландырудың және өндіріп алушылар, әділет органдары мен сот орындаушылары арасындағы электрондық өзара іс-қимылды дамытудың кезекті кезеңі болып табылады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kpi/press/news/details/1307505?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді