ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА «ҚАУІПСІЗ АУЛА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДИАЛОГ АЛАҢЫ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Әуезов ауданында «Қауіпсіз аула: тұрғындар, үй басқару органдары және полицияның өзара іс-қимылы» тақырыбында диалог алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, тұрғын үй басқару ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер қатысты.

Кездесу барысында аулалар мен көпқабатты тұрғын үйлердегі қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, бейнебақылау жүйелерін тиімді пайдалану және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Диалог алаңында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тұрғындар, басқарушы ұйымдар және полиция арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1307821?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді