Хабарландыру

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 қазан күні Құрманғазы аудандық мәслихатының кезектен тыс XLVI сессиясы өтті. Сессия барысында Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 23-1-бабына сәйкес Құрманғазы ауданының әкімін тағайындауға келісім беру туралы мәселе қаралды.

Мәселе бойынша депутаттар Бисембаев Нұрсұлтан Орақұлы Құрманғазы ауданының әкімі лауазымына тағайындауға бірауыздан келісім берді. Осыған сәйкес аудандық мәслихаттың тиісті шешімі қабылданып, тағайындауды одан әрі рәсімдеу үшін аудан әкімі аппаратына жолданды.

Шешім қабылданғаннан кейін Атырау облысы әкімі Болат Оралұлы Бисембаев Нұрсұлтан Орақұлын аудан активіне ресми түрде таныстырды.

Құрманғазы аудандық мәслихатының төрағасы Калиева Гульжаннат Гадилханқызы ауданның жаңа басшысын тағайындалуымен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар аудандық мәслихат пен аудан әкімдігі арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл Құрманғазы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қоса беретініне сенім білдірді.

Құрманғазы аудандық мәслихаты заңнамада белгіленген өкілеттіктер шеңберінде өз қызметін жалғастыра отырып, аудан тұрғындарының мүддесі үшін депутаттық корпус пен атқарушы органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kurmangazi-district/press/news/details/1307780?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді