
Жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Бейнеу ауданында профилактикалық кездесу өткізілді.
Бейнеу АПБ ҚҚБ ЮПТ КТІЖ УПИ, полиция аға лейтенанты Қанат Жалғасов Үстірт мектебінде оқушылармен кездесіп, жол қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мотоциклді басқару кезіндегі қауіпсіздік талаптары, жол қозғалысы ережелерін сақтау, кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері түсіндірілді.
Оқушыларға жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, жол қозғалысына қатысушыларға мұқият болу, сондай-ақ өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау жөнінде ескертулер берілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын арттыру.
Бейнеу ауданы Полиция бөлімі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1307706?lang=ru

Жауап қалдыру