Қауіпсіз үй: Ақмола облысында полицейлер есепте тұрған азаматтар арасында профилактиканы күшейтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қауіпсіз үй: Ақмола облысында полицейлер есепте тұрған азаматтар арасында профилактиканы күшейтті

Ақмола облысында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. 5 қазаннан бастап полицейлер есепте тұрған азаматтарды мекенжайы бойынша тексеріп, халықпен профилактикалық кездесулер өткізуде.

🔹 Рейдтерге 360-тан астам қызметкер тартылды;
🔹 алғашқы күні 470-тен астам есептегі азаматтың тұрғылықты жері тексерілді;
🔹 17 көші-қон заңнамасын бұзу фактісі анықталды;
🔹 шетел азаматтарының өңірде заңсыз болуының 9 фактісі тіркелді;
🔹 тұрғындармен 57 кездесу өткізіліп, оған 500-ден астам ақмолалық қатысты.

Полиция қызметкерлері есепте тұрған азаматтармен профилактикалық әңгімелер өткізіп, заң талаптарын түсіндіреді. Сондай-ақ қару иелерінің оны сақтау және пайдалану ережелерін сақтауына бақылау жүргізіледі.

📌 «Қауіпсіз үй» іс-шарасы 5 қарашаға дейін жалғасады. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-birzhan-sal-stepnyak/press/news/details/1307625?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді