Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Кәсіподақтар күніне арналған іс-шара өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 қазанда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстан Кәсіподақтар күніне арналған Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақ активінің салтанатты іс-шарасы өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, облыстың кәсіподақ ұйымдарының өкілдері және шақырылған қонақтар қатысты.

Іс-шара барысында Департамент басшысы Манабаева Гүлбақыт Хакимқызы құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде Гүлбақыт Хакимқызы кәсіптік одақтардың жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғаудағы, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтудағы, сондай-ақ мемлекет, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасындағы тиімді әлеуметтік әріптестікті дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

Кәсіподақ қозғалысының қатысушыларына зор денсаулық, амандық, кәсіби табыс және жаңа жетістіктер тіледі.

 Іс-шара соңында әлеуметтік әріптестікті дамытуға және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан кәсіподақ қозғалысының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1307604?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді