Әр секунд маңызды: «Үздік радиотелефонист» байқауы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Өрт сөндіру бөлімдерінің радиотелефонистері арасында кәсіби шеберлікті шыңдау, біліктілікті арттыру және қызметтік даярлық деңгейін бағалау мақсатында «Үздік радиотелефонист» байқауы өткізілді.

Байқау барысында қатысушылар жеделдік, дәлдік, кәсіби білім мен жауапкершілік бағыттары бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Радиотелефонист – төтенше жағдай туралы алғашқы ақпаратты қабылдап, өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекет етуін қамтамасыз ететін маңызды буын.

Байқау қорытындысы бойынша 2026 жылдың үздік радиотелефонисті атанған Ақтау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі, азаматтық қорғау кіші сержанты Алиева Алтынай Алиевна І орынға ие болды.

ІІ орын – Мұнайлы ауданы №12 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі, азаматтық қорғау кіші сержанты Толегенова Майра Серикқызына;

ІІІ орын – Жаңаөзен қаласы №11 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі, азаматтық қорғау кіші сержанты Әбдіғожаева Айғаным Жайлыбайқызына бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, үздік тәжірибелері бағаланды.

Кәсіби шеберлікті шыңдайтын мұндай байқаулар қызметкерлердің жауапкершілігін арттырып, жедел әрі сапалы қызмет көрсетуге деген ұмтылысын күшейтеді.

Маңғыстау облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1307441?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді