
Ақтау қаласындағы «Rixos Water World Aktau» қонақ үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығудың мақсаты – өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекетін, күштер мен құралдарды басқаруды, қызметтердің өзара іс-қимылын және адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды пысықтау.
Нысан бір уақытта 1500 адамға дейін қабылдай алады. Мұнда 500-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.
№3 шақырту бойынша өткізілген оқу-жаттығу барысында: өрт туралы хабарламаны қабылдау; бөлімшелердің оқиға орнына келуі; барлау жүргізу; адамдарды эвакуациялау; шартты өртті оқшаулау және сөндіру; тиісті қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталды.
Іс-шара қорытындысы бойынша жеке құрамның дайындығы мен бөлімшелердің жедел әрі үйлесімді әрекеті бағаланды.
Маңғыстау облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1307439?lang=ru

Жауап қалдыру