
Ардагерлерге құрмет – ұрпаққа міндет
«Қарты бар елдің – қазынасы бар» дейді халқымыз. Ұрпағына үлгі мен өнегеге толы тағылымды жол көрсеткен аға буынды ардақтау, құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың парызы.
Ардагерлеріміздің өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері мен тәлім-тәрбиесі – біз үшін орны бөлек құндылық. Сарқылмас игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың ерен үлгісін көрсетіп отырған ардақты ағаларымыз бен ақ жаулықты аналарымыздың өскелең ұрпаққа берер тәрбиесі мен тағылымы мол.
Ардагерлеріміз қажыр-қайратын еліміздің дамуы мен өсіп-өркендеуіне арнап, бүгінде еңбегінің зейнетін көріп отыр.
Халықаралық қарттар күніне орай Департамент ұжымы еңбек инспекциясының ардагерлері И. Жанбаев пен А.Қ. Мырзадиннің шаңырақтарына арнайы барып, мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті. Кездесу барысында ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық, бақ-береке және бейбіт өмір тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Ардагерлерге құрмет көрсету – өткенге тағзым, болашаққа өнеге!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1307900?lang=ru

Жауап қалдыру