Нашақорлық пен есірткі құралдарының заңсыз айналымының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Округ әкімі аппаратының қызметкерлері нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу, есірткі құралдарының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында округ аумағындағы қоғамдық тамақтану орындары мен сауда нысандарының өкілдері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында кафе және дүкен иелері мен қызметкерлеріне есірткі құралдарының заңсыз айналымына жол бермеу, күмәнді жағдайлар анықталған кезде тиісті құқық қорғау органдарына хабарлау қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тарату және өткізу фактілерінің алдын алу, сондай-ақ қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлік нысандары өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, есірткі қылмыстарының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1308030?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді