БӘЙДІБЕК: КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСІП, КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
 
✔️КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ – АУДАН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ
 
🔹Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков кәсіпкерлерімен кездесіп, бизнесті дамыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу мәселелерін талқылады.
 
🔹Кездесудің негізгі мақсаты – аудан көлеміндегі кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді анықтау, кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдау және нақты жобаларды іске асыруға мемлекеттік қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастыру.
 
🔹Жиында аудан басшысы кәсіпкерлердің тек экономикалық дамуға ғана емес, елді мекендердің көркеюі мен абаттандырылуына да қосып отырған үлесін атап өтті.
 
🔹Аудан басшысы мұндай әлеуметтік жауапкершілігі жоғары бастамалардың елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға және кәсіпкерлердің туған жерге деген жанашырлығын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.
 
🔹Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылып, бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік жобаларды қолдау және елді мекендердің дамуына бағытталған бастамаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
 
🔹Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1308148?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді