Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде «Ашық есік күні» аясында азаматтарды қабылдау өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Ашық есік күні» аясында еңбек заңнамасының сақталуы мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау өткізілді. Іс-шара барысында азаматтарға өздерін толғандырған мәселелер бойынша кеңестер беріліп, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормалары, еңбек құқықтарын қорғау және уәкілетті органдарға жүгіну тәртібі түсіндірілді.

Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге және азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді. Біздің басты міндетіміз – азаматтарға сапалы құқықтық көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету, заңнама талаптарын уақтылы түсіндіру және мемлекеттік еңбек инспекциясының құзыреті шегінде олардың еңбек құқықтарын қорғауға жәрдемдесу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-enbek/press/news/details/1308239?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді